jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 64 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінген мектептің бас есепшісіне сот үкімі шықты

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Шымкентте мектептердің бірінде 64 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдікке іліген бас есепшіге сот үкімі шықты. Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент соттарына сілтеме жасап.

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бас есепшіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (бөтеннің сеніп тапсырған аса ірі мөлшердегі мүлкін иелену және талан-таражға салу) айыпталған.

    "Сотталушы Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бас есепшісі лауазымын атқарып жүріп, 2021-2023 жылдар аралығында белгіленген еңбекақы сомасынан артық мөлшердегі қаражатты өзінің шотына аударып отырған.

    Ол өзіне сеніп тапсырылған 64 295 513 теңге, яғни аса ірі мөлшердегі мемлекеттің ақшасын жымқырған. Шығын өтелмеген", - делінген сот материалдарында.

    Айыпталушының кінәсі өзінің кінәсін мойындап берген жауаптарымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген. Сот бас есепшіге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, өмір бойына мемлекеттік қызметте атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

    Шымкентте 64 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінген мектептің бас есепшісіне сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.