jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "ҚазМұнайГаз" еншілес компанияларының басшылары ұсталды

    Күдіктіге кісен салу
    Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облысында мұнай сервистік компаниялары басшыларын ұстау жалғасып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындарының қызметінде тексеру жүргізіп жатыр.

    "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтегені анықталды.

    Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.

    "Аталған бұзушылықтар бойынша 10 шілдеде Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі  бойынша (аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Сондай-ақ 22 шілдеде "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    23 шілдеде Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің бұрынғы басшысы ұсталды", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

    Қадағалаушы орган мәліметінше, қаражатты жымқыру фактісімен Қылмыстық кодекстің 189-бабымен бұрын басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың 2 өкілі ұсталды.

    Прокурорлық тексеру басталғаннан бері барлығы 19 сотқа дейінгі тергеу басталды, олар Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.

    "Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша оларды тергеу шеңберінде 8 адам, оның ішінде "Қазмұнайгаз "ҰК" АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды.

    Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", - дейді қадағалаушы орган өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.