jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Семейде судьяны қорлаған тұрғынға сот үкімі шықты

    Судья
    Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

    Семей қаласының №2 сотында судьяны қорлап, сотты құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Сотта сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей, судьяның атына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, әдепсіз сөздер айтқан.

    Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, сотталушының сөзінде ар-намыспен қадір-қасиетті әдепсіз түрде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеуінің қорытындысымен дәлелденді.

    Қылмыстық кодекстің 410-бабы 2-бөлігінің санкциясы 200АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұлды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарды не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

    Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға алдыңғы сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін орындау шартымен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.