jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Өскеменде мас күйде көлік басқарған полиция қызметкері қамауға алынбады

    Көлік жүргізушісі
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: AzmanL / Getty Images

    Өскеменде мас күйде көлік жүргізген полиция қызметкері 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

    Сотта 2024 жылы 13 шілдеде сағат 01:49-да Өскемен полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкері азамат А. қалада "Хюндай Акцент" маркалы көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқарған.

    Сот отырысында А. кінәсін мойындамаған. Оның кінәсі іс материалдарымен, медициналық куәландырудың қорытындысымен және бейнежазбамен расталды.

    Аталған бап санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді.

    Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 32-баьы 2-бөлігіне сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылмайды.

    Соттың 2024 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен азамат А. кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Өскеменде мас күйде көлік басқарған полиция қызметкері қамауға алынбады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.