jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ҚМА Тараз қаласы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

    Кісен салу
    Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысы прокуратурасымен бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан бірқатар заңбұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.

    "Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады.

    Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданатын болады", - делінген хабарда.

    ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.