jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Экология министрлігінде Антикордың "Ертіс Орманы" бойынша ұсынысы қаралды

    Қолына кісен салынған адам
    Қолына кісен салынған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    26 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрлігінде "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша ұсыну қаралды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев, уәкілетті органның басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

    Ұсыну табиғи резерватта сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.

    "Резерваттың бас директоры басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашының түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деп күдіктелуде", - делінген хабарда.

    Агенттік ақпаратынша, осының салдарынан мемлекетке 150 млн теңгеден астам сомада залал келтірілді.

    Министрлікке сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша оның ішінде орман қорын түгендеу және қорғау процестерін цифрландыруды енгізу жолымен кешенді шаралар қабылдау ұсынылған.

    ҰҚТ қатысушылары қамау алынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Жұмыс жалғасады.

    Экология министрлігінде Антикордың "Ертіс Орманы" бойынша ұсынысы қаралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.