jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында жоғары лауазымды шенеунік пен оның сыбайластары сотталды

    Кісен мен ақша
    Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістан облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы мен оның сыбайластарына сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркістан қалалық соты Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Мырзаевқа, оның сыбайласы Балтабаевқа және осы департаменттің бөлім басшысы Жетпісовке үкім шығарды.

    "Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеу, ал Жетпісов пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылды.

    Мырзаев пен оның сыбайласы Балтабаев жер учаскесін ресімдеу үшін кәсіпкердің 18 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталды", - делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, Мырзаев лауазымды тұлғаларға жалпы қамқорлығы үшін пара беру сылтауымен бұрын келісілген Жетпісовтың 5 млн теңгесінің 70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолымен иемденген.

    "Сот үкімімен Мырзаевқа 8 жыл, Балтабаевқа – 7 жыл және Жетпісовке – 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

    Айта кетейік, ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы пара алғаны үшін айыпталып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Түркістан облысында жоғары лауазымды шенеунік пен оның сыбайластары сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.