jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында жоғалып кеткен астаналық өлі күйінде табылды

    полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақмола облысында іздеуде болған Астана тұрғынының мәйіті табылды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, елордаға жіберілді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Ақмола облысының полиция департаменті Астана тұрғынының мәйітінің табылуы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу аясында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі", - делінген хабарламада.

    Ведомствоның мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

    "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-арнасында хабарлағандай, Ақмола облысында мәйіті табылған ер адам 44 жастағы елордалық кәсіпкер болған. Осы арна авторларының айтуынша, денесі Ақмола облысындағы Аққайың ауылы маңындағы егістік алқабына көмілген жерінен табылған. Осы уақытқа дейін ол із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.

    Бұған дейін Қарағанды су қоймасының аумағынан шіріп жатқан белгісіз ер адамның мәйіті табылған болатын.

    Ағымдағы жылдың сәуір айында Орал қаласының орталығында жарақаттары бар марқұмның денесі табылған болатын. Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер ер адамның өлімінің мән-жайын анықтауға кірісті.

    Ақмола облысында жоғалып кеткен астаналық өлі күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.