jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында өндірістік база өз бағасынан 111 есе арзан сатылған

    Нысан. Фото
    Нысан. Фото: www.gov.kz

    Жамбыл облысында коммуналдық меншікті нақты құнынан 111 есе төмен заңсыз сату фактісі анықталды. Бұл туралы аймақ прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалау органының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Талас ауданының прокуратурасы жылжымайтын коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісін анықтады.

    "2008 жылы "Игілік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатты. Бұл ретте базаның бағалау құны 30 млн теңгені құраған.

    2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған", - делінген хабарламада.

    Осы факт бойынша 2023 жылдың 13-қазанында Талас ауданының прокуратурасы ҚК 362-бабының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне орай тоқтатылды.

    Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22 ақпандағы шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары мен кепілді жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды.

    22 мамырда апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

    Сот актісі заңды күшіне енді, мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.

    Жамбыл облысында өндірістік база өз бағасынан 111 есе арзан сатылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.