jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

    Сот
    Сот. Көрнекі сурет: Liudmila Chernetska/Getty Images

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Антикор ақпаратынша, Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық танытқаны, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

    "Төрегелдиев РМК-да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.

    Сондай-ақ Төрегелдиев өз міндеттерін тиісінше орындамау нәтижесінде орындалған жұмыстардың актілеріне оны нақты орындалмай қол қойды, сол арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге сомаға залал келтірді", - делінген хабарда.

    Сот үкімімен Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, Озықбаевқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

    Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.