jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда адамдар ХҚКО-дан эвакуацияланды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo.dar

    Павлодардағы Халыққа қызмет көрсету орталығында эвакуация жүргізілді. Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желіде пайда болды. Аталған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Павловтағы ХҚКО-да эвакуация. Бомбаға қатысты хабарлама келіп түсті деп жатыр", - делінген жарияланған кадрдың жазбасында.

    Өңірлік полиция департаменті лаңкестікке қатысты көрінеу жалған ақапарт тарату фактісі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Күдікті Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "ХҚКО ғимаратынан 130 адам эвакуацияланды. Жарылғыш зат анықталған жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

    Павлодар облысының полиция департаменті дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы еске салды.

    Мұндай әрекетке 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін (18 млн 460 мың теңгеге дейін) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

    Павлодарда адамдар ХҚКО-дан эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.