jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларды 3 жыл бойы тіркеген": СҚО-да балабақша қызметкері сотталды

    Балабақша
    Балабақша. Көрнекі фото: pixabay.com

    Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның кінәлі адамы мемлекет бюджетіне келтірілген зиянды толық көлемде өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеуге сотталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Айыртау аудандық сотының үкімімен балабақша қызметкері 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мемлекетке келтірілген зиянды өтейтін болды.
    • Балабақшада балаларды жалған тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу фактісі анықталды.
    • Аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар және балалардың интернетке қол жеткізуі бойынша бұзушылықтар анықталды.

    Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінің қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады.

    "Бұл әрекеттердің барлығы соңғы 3 жылда 2021-2024 жылдар аралығында жасалған. Сонымен қатар, Айыртау аудандық прокуратурасымен аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі және т.б. салаларда бірқатар бұзушылық анықталды.

    Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау жұмыстары жалғасуда және аудандық прокуратураның ерекше бақылауында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.