jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып, мерт қылды

    жаяу жүргінші жолағы
    Жаяу жүргіншілер жолағы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Алматыда автобус адамды қағып кеткен сәттің видеосы пайда болды. Осы оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнындағы бейнебақылай камерасына түсіп қалған видео Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланды. Видеоның астындағы жазбада кеше Алматыдағы Сейфуллин даңғылында автобус адамды қағып кеткені жазылған.

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне жол апатының мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

    "Анықтау басқармасында өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, соның қорытындысы бойынша қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

    Еске салсақ, Ақмола облысында 18 тамызда, түнгі сағат үштер шамасында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Салдарынан бір әйел қайтыс болды.

    Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып, мерт қылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.