jitsu gif
Оқыс оқиға

    FlyArystan жолаушылары Алматы әуежайында шу шығарды: 31 жастағы әйелге қатысты іс қозғалды

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бүгін желіде FlyArystan жолаушыларының Алматы әуежайында шу шығарған видеосы тарады. Олардың біріне қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бүгін желіде FlyArystan рейсіне кешіккен жолаушылардың әуежайда шу шығарғаны туралы ақпарат тарады.

    Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Олардың мәліметінше, полиция бөлімшесінің желілік бөлімі "Алматы-Астана" әуерейсінің жолаушыларының бірі қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтаған.

    "Полицияға әуекомпания өкілдері арыз түсірген. Тексеріс барысында 31 жастағы келіншек мәдениетсіздік танытып, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқаны белгілі болды. Одан бөлек, әйел тіркеу бағанындағы мониторға зақым келтірген.

    Көліктегі полиция аталған азаматқа қатысты тиісті шара қолданды. Келіншектің үстінен ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

    Жиналған материал сотқа жолданбақ.

    Айта кетейік осыған дейін Алматы әуежайындағы жайтқа қатысты әуекомпания өкілдері пікір білдірген еді.

    "Жолаушылармен дау шешілді, олар келесі рейспен Астанаға ұшты. Алайда әуекомпания жолаушылардың бейәдеп әрекеті үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеді", - деді FlyArystan баспасөз қызметі.

    FlyArystan жолаушылары Алматы әуежайында шу шығарды: 31 жастағы әйелге қатысты іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.