jitsu gif
Оқыс оқиға

    ШҚО тұрғыны терроризмді насихаттады деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

    Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған жергілікті тұрғынға үкім шығарды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, осы жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарған.

    "Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды.

    Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.

    ШҚО тұрғыны терроризмді насихаттады деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.