jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды (видео)

    Күдіктінің ұсталған сәті
    Күдікті. Видеодан кадр: t.me/antikornews

    Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Алматы қалалық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Қасымбаев пен кәсіпкер Сәкенов сотталды.

    "Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

    Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Антикор хабарламасында.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.