jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Мейрамханада күзетшіні ұрған қызылордалық ер адам төрт жылға сотталды

    Сот
    Сот. Көрнекі сурет: Liudmila Chernetska/Getty Images

    Қызылодадағы мейрамханалардың бірінде өткен кездесу сотта аяқталды. Іс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айыппен қаралды, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Сот ақпаратынша, Қызылорда қаласының №2 сотында Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Сотталушы мейрамханаға келіп, сол жерде "күзетші" болып жұмыс істеп жүрген жәбірленушіні жолықтырып, оған қарыз екенін ескертіп, сол жөнінде өзара әңгімелескен.

    "Осыдан кейін әңгіме барысында жанжалдасып, сотталушы Қ. жәбірленуші Т.-ны ұрып, соққы жасаған. Соққы салдарынан жәбірленуші есін жоғалтып, жерге құлап, қалалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Оған ота жасалған", - делінген хабарламада.

    Басты сот талқылауында жәбірленуші өкілі сотталушыға кешірім беретінін, моральдық шығын өтелгенін, оның бас бостандығын айырмайтын жеңіл жаза қолдануды сұрайтынын айтып көрсеткен.

    Сотталушы қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

    Мейрамханада күзетшіні ұрған қызылордалық ер адам төрт жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.