jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы әуежайындағы жанжал: екінші адам қамауға алынды

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі сурет: pixabay.com

    19 тамызда Алматы әуежайында FlyArystan ұшағына жолаушылардың кешігуі салдарынан болған жанжалдың екінші қатысушысы қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Көліктегі полиция департаменті төбелеске екінші қатысушы 55 жастағы ер адам екенін айтты. Ол қамауға алынды.

    "Қазіргі уақытта, 19 тамызда Алматы халықаралық әуежайында болған оқиғаға байланысты көлік полициясының қызметкерлері төбелеске екінші қатысушы 55 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

    Сондай-ақ оған қатысты ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті өкілдері.

    Еске сала кетейік, бұған дейін FlyArystan жолаушылары әуежайда шу шығарып, ашуға булыққан адамдар әуе компаниясы қызметкерінің үстелінен заттарды лақтырып жібергенін хабарладық. SMS-хабарламадағы қателіктен кейін жолаушылар КС 7053 рейсіне кешігіп, тәртіпсіздік тудырғаны айтылды.

    Содан кейін 31 жастағы әйелге қатысты іс қозғалғаны белгілі болды. Көлік полициясы департаменті FlyArystan компаниясының супервайзерлері әуежайдағы желілік полиция бөліміне шағым түсіргенін хабарлады. Олар рейсті тіркеу кассасында қызметкерлерге әдепсіз сөздер айтып, тіркеу аймағындағы мониторды сындырған жолаушыға шара қолдануды сұрады.

    Кейін жанжалға қатысқан екінші жолаушы анықталғаны белгілі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.