jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Шашыңды өріп беремін": қыздардың алтын сырғасын ұрлап жүрген шымкенттік бойжеткен ұсталды

    Шаш өріп жатқан қыз
    Шаш өріп жатқан қыз. Көрнекі фото: depositphotos.com

    Шымкенттің 20 жастағы тұрғыны үйлердің ауласында кішкентай қыздарды алдап, алтын сырғаларын ұрлап кетіп отырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап.

    Телеарнаның сайтында хабарланғандай, ұрлықшы кішкентай құрбандарын көпқабатты үйлердің ауласынан тапқан. Қыздарды шаштарын өріп, әдемі сәндеуге көндіріп, құлақтарындағы алтын сырғаларын шешіп, бірден қашып кетіп отырған.

    "Ол үш күннің ішінде қаланың 4 жас тұрғынының алаяқтық жолмен қымбат әшекей бұйымдарын алып, 300 мың теңгеге жуық шығын келтірген", - делінген хабарламада.

    Қылмыс туралы хабарлама түскен Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері дереу күдіктіні іздеуге кірісті. Полиция оқиға болған жердің жанында орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Қабылданған шаралар нәтижесінде қалада 20 жастағы бойжеткен ұсталды. Ол ұрланған тауарларды ломбардқа өткізген болып шықты.

    Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары қырағы болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

    "Шашыңды өріп беремін": қыздардың алтын сырғасын ұрлап жүрген шымкенттік бойжеткен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.