jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда жол ережесін бұзған жүргізушіні бірнеше полиция көлігі қуып бара жатқан сәттің видеосы тарады

    Жол ережесін бұзған көлікті қуалап бара жатқан полиция көліктері
    Полиция көліктері. Видеодан кадр: lada.kz

    Ақтауда бірнеше полиция көлігінің Daewoo Nexia көлігін қуып бара жатқан сәтінің видеосы тарады. Бұл жағдайды Маңғыстау облысының полиция департаменті түсіндірді, деп хабарлайды Lada.kz.

    Әлеуметтік желіде полицейлер жол ережесін бұзған көлік иесін қуып бара жатқан сәтінің видеосы пайда болды . Кадрларда құқықбұзушыны алтыдан астам полиция көлігі қуып бара жатқанын көруге болады. Бұл жайт апатты жағдаймен аяқталған – жүргізуші үйдің қоршауына соғылған.

    Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдеу кезінде Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, қашып кетпек болған.

    "Мұндай әрекетке жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны және бұрын әкімшілік тәртіппен көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғандықтан, көлік жүргізу құқығы болмауы себеп болған. Жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатып, екі жол-көлік оқиғасын жасаған. Зардап шеккендер жоқә, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

    Полицейлер бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабымен қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

    Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған.

    Ақтауда жол ережесін бұзған жүргізушіні бірнеше полиция көлігі қуып бара жатқан сәттің видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.