jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістанда 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    сабақ түсіндіріп жатқан мұғалім
    Сабақ түсіндіріп жатқан мұғалім. Көрнекі фото: pexels.com

    Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен білім беріп келген, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұдан бөлек, білім саласында орын алған жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Тексеруде анықталғандай, кейбір мұғалімдердің жоғары білімі туралы дипломы жалған болып шығып жатыр. Оны антикор анықтап жатыр. Қазір 500-ге жуық жалған диплом шығып отыр. Сонымен қатар директор мен жұмысшы арасындағы 16 дау Президент әкімшілігіне дейін қаралған. Қолы лас қызметкерлер білім саласын табыс табу көзіне айналдырған. Бұл бойынша қызметкерлердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қаралды. Әлі де қаралатын болады", - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

    Жемқорлық фактілеріне байланысты өңірде бухгалтерлік жүйені өзгерту қолға алынған. Соның нәтижесінде 1300-ден аса артық штаттық орын анықталған. Жауаптылар жоқ жұмысшыны көрсетіп, мемлекеттен айлық ретінде ақша алып келген көрінеді.

    "Біз өзіміз мектептерді тексеріп шықтық. 1383 артық штат жасап, қаржы алып отырғаны анықталды. Оларды кезең-кезеңімен қысқарту жұмысы жүріп жатыр. Мұны қоғам болып бірлесіп шешуіміз қажет", - деді облыс әкімі.

    Жыл басынан бері 7 мыңнан аса бала балабақшада жалған тіркеліп тұрғаны да белгілі болған. Бұл бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

    Түркістанда 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.