jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанға астық импорттауға толық тыйым салынса да, Ресейден бидай тасымалдау тоқтамай тұр

    Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты
    Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты. Фото: Айнұр Нұрмағанбетова/kaz.nur.kz

    Ресеймен көршілес жатқан Қостанай облысына астық импорттаудың заңсыз схемаларын жүзеге асырмақшы болғандар әшкереленіп жатыр деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Қазақстанға астық импорттауға тыйым салынғанына қарамастан, Ресейден Қостанай облысына бидай заңсыз тасымалдау әрекеттері анықталды.
    • Мемлекеттік кірістер департаменті "Желқуар" өткізу пунктінде Ресейден келген 4 жүк көлігінен ұнтақталған бидай деп көрсетілген астың астынан кәдімгі бидай табылғанын хабарлады.
    • Экономикалық тергеу департаменті биыл бидай тасымалының "сұр" схемасына қатысты 2 қылмыстық іс тіркеп, Ресейлік астықты отандық өнім ретінде экспорттауға тырысқан компанияларды анықтады.

    "Желқуар" автокөлік өткізу пунктінде Ресейден Қазақстанға кірген 4 жүк көлігі ұнтақталған бидай әкеле жатырмыз деп көрсеткен. Соған сәйкес құжаттары да болған. Салық инспекторлары арнайы құрылғымен астықтың астынғы жағын тексеріп қарағанда кәдімгі бидай жатқанын анықтаған. Яғни көлікке әуелі бидайды тиейді, сосын бетін жауып, үстіне ұнтақталғанын салған.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл сәуір айынан бастап бидайды Қазақстанға жүк көлігімен әкелуге тыйым салған еді. Соған қарамастан, айласын асырмақшы болғандар шегарада ұсталды.

    "Заңсыз әкелу фактісінің жолын кесу бойынша іс-шараларды Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүргізді. Ұсталған жүк әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілді", - дейді Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі Мерейжұлдыз Сүлеймен. 

    Ал, экономикалық тергеу департаменті биыл бидай тасымалының "сұр" схемасына қатысты 2 қылмыстық іс тіркеген. Астық тасымалымен айналысатын кәсіпорын Ресейлік арпаға Қазақстандық өнім деп құжаттар рәсімдеп темір жол арқылы Қытайға жеткізбекші болған. Халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтарған кәсіпкерден Қазақстан Темір Жолы компаниясы 89 млн теңге шығын шекті. Ол мұндай жалған құжаттар жасауда жергілікті фермерлерге жүгінген екен.

    "Бұл әрекеттері ҚТЖ материалдық залал келтірді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жауапкершілігі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, объективті бағасын береміз", -дейді Қостанай облысы экономикалық тергеу департаменті басқармасы басшысының орынбасары  Ораз Қарабалин. 

    Жақында Қостанай облысында көлеңкелі астық экспортымен айналысқан ірі трейдерлік компанияның да әрекеті әшкереленді. Экономикалық тергеу департаменті Ресейлік бидайды отандық өнім деп сатып келген кәсіпорынның қызметін тоқтатқан. Олар жалған құжаттармен импорттық өнімді шетел асырмақшы болыпты. Компания үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде күдікті мемлекетке келтірген 54 млн теңгеден астам залалды толық өтеген.

    Автор: Айнұр Нұрмағанбетова

    Қазақстанға астық импорттауға толық тыйым салынса да, Ресейден бидай тасымалдау тоқтамай тұр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.