jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Асыл тұқымды жылқы ұрланған": Түркістан облысында барымташылар құрықталды

    Жылқы малы. Көрнекі сурет
    Жылқы малы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жетісай ауданында жайылымнан мал ұрлаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Түркістан облысында полицейлер құны 700 мың теңге тұратын жылқы ұрлығын ашты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісай ауданының полицейлері жайылымнан жылқы ұрлаған екі күдікті ер адамды қолға түсірді.

    "Тексеру кезінде анықталғандай, ұйымдасқан екеуі қаражат табу мақсатында қылмыс жасаған. Яғни түнгі уақытта тұрғынның жайылымда жүрген құны 700 мың теңге тұратын жылқысын ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған. Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын қажеттіліктеріне жұмсаған", - делінген ПД хабарламасында. 

    Тәртіп сақшылары ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.   Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Асыл тұқымды жылқы ұрланған": Түркістан облысында барымташылар құрықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.