jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте әйеліне пышақ салған зейнеткер сотталды

    Зейнеткер
    Таяқ ұстаған қария. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Шымкентте азаматтық некедегі әйеліне пышақ сілтеп жарақаттаған зейнеткер үш жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ер адамға Қылмыстық кодекстің 106-бабы – "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айып тағылды. Іс материалдарына сәйкес, ол өзінің заңды некедегі әйелімен жанжалдасып, оны пышақтап тастаған. Алайда жәбірленушінің өзі қылмыскерге жеңіл жаза қолдануды сұраған.

    "Жазаны тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және зейнеткерлік жасын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Азамат кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге маскүнемдіктен мәжбүрлеп ем қабылдау жазасы тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында.

    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Шымкентте әйеліне пышақ салған зейнеткер сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.