jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды

    Күдіктіге кісен салу
    Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ІІМ Ұлттық ұлан бас қолбасшысы орынбасарының ұсталғанын растады. Ол заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізіп жатыр.

    Министрлік өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік бойынша принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізіледі", - делінген ІІМ хабарламасында.

    Ақорда сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы:

    • жедел-стратегиялық жоспарлауды, Ұлттық ұланның қолданылуын және қызметтік-жауынгерлік және күнделікті іс-қимылын басқаруды жүзеге асырады;
    • Ұлттық ұланның жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгін сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
    • қоғамдық тәртіпті қорғауды, маңызды мемлекеттік объектілерді, арнайы жүктерді, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзетуді және оларда қадағалауды жүзеге асыруды, күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруді ұйымдастырады.
    Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.