jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте капотына құлаған полицейді сүйреп кеткен жүргізуші сотталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

    Мұндай шешімді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vera.kz-ке сілтеме жасап.

    Ер адамға ҚР ҚК-нің 380-бабы 5-бөлігі бойынша билік өкіліне өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты зорлық-зомбылық көрсеткені үшін айып тағылды.

    Сотта белгілі болғандай, 7 маусым күні Елтай ауылында сотталушыны патрульдік полиция инспекторы тоқтатқан. Ол көліктің жарықтандыру шамдарының стандартқа сай келмегені үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырмақшы болған.

    Алайда жүргізуші полицейдің жолын жапқанына қарамастан, алға қарай жүре бастаған. Салдарынан инспектор көліктің капотына құлап түсіп, сол күйі бірнеше метрге дейін жүрген. Прокурор соттан жүргізушіні бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Зардап шеккенинспектор бұл мәселенің шешімін соттың қарауына қалдырды. Сотталушы кінәсін мойындап, өкінді. Сот мұны, сондай-ақ оның жас баласы бар екенін ескеріп, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Шымкентте капотына құлаған полицейді сүйреп кеткен жүргізуші сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.