jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әлеуметтік желіде сынға іліккен БҚО табиғатты қорғау прокуроры қызметінен босатылды

    Прокурор
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев қызметінен босатылды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

    БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде видео тарағаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілді.

    Нәтижесінде Бисқалиевтің 12 тамызда жұмыс орнында болғаны, медициналық куәландыру оның ішімдік ішпегендігін көрсеткені анықталған.

    Басылым жазуынша, фото мен видеоның қашан түсірілгенін анықтау мүмкін болмаған. Десе де бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары мен ақпараттық порталдарда көптеген пікірталас тудырған.

    "15 тамыз күні қызметтік тексеру нәтижесі мен облыс прокуратурасы тәртіптік комиссиясының ұсынысына сәйкес А.Бисқалиев қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар А.Бисқалиев мемлекеттік қызметшіге қойылатын жоғары талапты түсіне отырып, басшылық атына өзін қызметінен босату туралы өтініш жазды. 20 тамызда А.Бисқалиев БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры қызметінен босатылды", - деп хабарлады ведомстводан. 

    Еске салсақ, Талдықорғанда бұрынғы прокурор сотталғаны туралы жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.