jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттік тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін жалған анықтама жасатқан

    ХҚКО
    ХҚКО. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкентте 94 адам жалған анықтама жасап атаулы әлеуметтік көмек қаражатын алып отырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

    Телеарнаның сайтында хабарланғандай, тексеріс кезінде олардың еңбекке жарамсыздық қағазы ешқандай медициналық ұйымда тіркелмеген болып шықты. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері мәлімдеді.

    Ай сайын берілетін атаулы әлеуметтік төлем алу үшін 94 адам жалған анықтама жасатқан. Олар медициналық ұйымдар ғана беретін құжаттың өзін заңсыз жолмен рәсімдеген. Осылайша, оңай олжа тапқысы келгендер бюджеттің 24 млн теңгесін қалтаға басқан. Еңбек мобильділігі орталығы атынан берілген талап-арыз сотта қанағаттандырылып, оның 9 млн теңгесі қазынаға қайтарылды. Қалған қаржы жеке сот орындаушылардың күшімен мәжбүрлі түрде өндіріледі.

    "Белгілі бір мерзімге – 6 ай, 8 ай, 1 жыл деген сияқты жұмысқа жарамсыз анықтамалар. Іс жүзінде олар жұмысқа жарамды адамдар. Ол анықтамалар тиісті мекемелерде, емханаларда тіркелмеген. Яғни қолдан жалған жасап берілген анықтамалар. 2023 жылдың төртінші тоқсанында 3 ай алған. 2024 жылдың бірінші тоқсанында алған", - дейді қалалық еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы Ерболат Аханов.

    Биыл Шымкентте атаулы әлеуметтік төлем орташа табысы төмен 8200-ден аса отбасыға тағайындалды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға аз. Енді салалық министрлік шын мәнінде көмекке мұқтаж адамға қолдау көрсету үшін жаңа пилоттық жобаны іске қоспақ. Яғни жанұя мүшелерінің табысы ғана есептелмей, шығыны да ескерілетін болады. Бірақ бұйрық әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Шымкенттік тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін жалған анықтама жасатқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.