Оқыс оқиға

Зектілері

ІІМ полиция басшысының ұсталуы туралы ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі
ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ

Желіде Шымкент қалалық полиция департаменті қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы мен полиция аға лейтенанты ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, Шымкент қалалық полиция департаменті қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығы, полиция полковнигі мен полиция аға лейтенанты аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

Осы ақпарат жөнінде Ішкі істер министрлігі өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Бұл факт бойынша Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ішкі қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, соның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. Ішкі істер министрлігі кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидасын ұстанады", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда бұрынғы прокурордың сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2159218-iim-politsiia-basshysynyng-ustaluy-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/