jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы тұрғындары қайырымдылық арқылы баспана алғысы келіп, 7 миллион теңгесінен айырылды

    Күдікті. Фото
    Күдікті. Фото: polisia.kz

    Алматы тұрғындары қайырымдылық қоры есебінен баспана алып беруге уәде еткен тұрғынға 7 миллион теңгесін беріп қойған. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми медиа-порталының хабарлауынша, Алматыда бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

    Күдікті 29 жастағы қала тұрғыны. Ер адам кем дегенде бес адамды алдады деген күдікке ілінді.

    "Тұрғын үйге мұқтаж бірнеше қала тұрғыны ірі сомадан айырылған кезде заңсыз әрекеттер туралы белгілі болды. Баспанаға мұқтаж бірнеше қала тұрғыны өзін қайырымдылық ұйымдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адамға 7 миллион теңге берген. Күдікті оларға қор қаражаты мен қайырымдылық есебінен баспана беруге уәде берген. Алайда, олардың сөзінше, тұрғын үй де, ақша да жоқ", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

    Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.