jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қазақстандық әйел "Дикий Арманның ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшесі" ұлынан ақша бопсалағанын айтты

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

    Әлеуметтік желіде әйелдің бопсалау туралы мәлімдеген видеосы пайда болды. Оның айтуынша, "Дикий Арман ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі" ұлынан ақша талап еткен. Бұл жағдайға полиция өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Telegram-дағы EgovPress арнасында жарияланған.

    Видеода әйел ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері оның ұлын тауға апарып, ұрып-соғып, белдемше кигізіп, барлығын видеоға түсіріп, сол видеоларды әлеуметтік желіге жүктеймін деп ақша бопсалағанын айтады. Ол ұлын қорғауды сұраған. Айтуынша, олар ұлынан екі жылдан бері ақша бопсалап келген.

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері "Бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

    Полиция өкілдері тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығы бақылауына алғанын хабарлады.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) ҚР ҚК 272-бабы "жаппай тәртіпсіздіктер" және ҚР ҚК 287-бабы "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша күдікті ретінде тергеліп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.