jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда тергеу изоляторының бастығы ұсталғаны рас па: ҚАЖК өкілдері пікір білдірді

    абақты
    Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Әлеуметтік желіде тергеу изоляторы бастығы Марат Кәкімжановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты ІІМ ҚАЖК өкілдері пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Аталған факті бойынша жауапты органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге ІІМ ҚАЖК қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

    Одан бөлек ҚАЖК өкілдері өз қатарында кез келген құқыққа қайшы іс-әрекеттердің кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы принципті ұстанымын білдіретінін, сондықтан объективті және жан-жақты тергеуге ықпал ететінін атап өтті.

    Еске салсақ, бұған дейін желіде Шымкент қалалық полиция департаменті қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы мен полиция аға лейтенанты ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

    Бұған пікір білдірген ІІМ өкілдері факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланатынын мәлімдеді.

    Алматыда тергеу изоляторының бастығы ұсталғаны рас па: ҚАЖК өкілдері пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.