jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры миллиондап пара алғаны үшін сотталды

    Пара алу фактісі
    Қол алысып жатқан ер адамдар. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Петропавлда Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен психиатр дәрігері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Петропавл қалалық соты жалпы қамқорлығы үшін ақша түріндегі пара алғаны (ҚК 366-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы) бойынша "Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" (бұдан әрі – ПӘҚКО)директорына; пара беру және пара алу бойынша делдалдық жасағаны үшін (ҚК 367-бабының 2-бөлігі, 368-бабының 1-бөлігі) ПӘҚКО психиатрына қатысты қылмыстық іс қараған.

    "Сотталушы "Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" директоры бола тұра, невропатолог-дәрігерден жалпы қамқорлықты қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 1 814 000 теңге; психиатрдан жалпы сомасы 1 041 000 теңге; екінші психиатрдан жалпы сомасы 1 265 000 теңге ақша түрінде пара алған; оның 672 000 теңгесі сотталушыға делдалдық үшін берілген", - делінген сот хабарламасында.

    Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және істің жазбаша материалдарымен дәлелденген.

    "Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамады. Сотталушылардың адвокаттары олардың әрекеттерін саралауды, Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша және оларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады", - деп атап өтілді сотта.

    Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі, 368-абының 1-бөлігі айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

    Сот кәніләлердің жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

    "Сот директордың кішкентай баласының болуын, оның денсаулығының жай-күйін, келтірілген зиянды өз еркімен өтеуді жеңілдететін мән-жайлар деп таныды, ал жалпы алғанда ерекше деп танып, Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінде көзделгеннен төмен бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға мүмкіндік берді", - делінген сот хабарламасында.

    Сот үкімімен ПӘҚКО басшысына 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, дәрігерге 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

    Екеуі де жазаны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.

    Сотталғандар мемлекеттік қызмет лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

    СҚО-да Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры миллиондап пара алғаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.