jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    1 млрд теңгенің ұрлығы: Еңбек министрлігі Қазақстанның солтүстігіне қоныс аудару бағдарламасы бойынша мәлімдеме жасады

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Еңбек министрлігі солтүстік өңірлерге қоныстандыру бағдарламасын іске асыру барысында мемлекет қаржысының ұрланғаны туралы Бас прокуратураның ақпаратына пікір білдірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет қаржысының жұмсалуын талдау кезінде Бас прокуратура анықтаған теріс қылықтар мен ұрлық туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Ақша оңтүстіктен солтүстік өңірлерге азаматтарды өз еркімен көшіру бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген.

    "Бұзушылық фактілері алғашында 2023 жылдың қыркүйегінде Еңбек министрлігінің қызметкерлері анықтады, бұл туралы жергілікті атқарушы және қадағалау органдарының өкілдеріне, сонымен қатар, алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында 2023 жылы Еңбек министрлігіне және Әлеуметтік қорғау органдары қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізді", - делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында.

    1 млрд теңгенің ұрлығы: Еңбек министрлігі Қазақстанның солтүстігіне қоныс аудару бағдарламасы бойынша мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.