jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденген күдікті Түркиядан елге экстрадицияланды

    Күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: Бас прокуратура

    Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденген күдікті Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Құзырлы орган ақпаратынша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

    Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

    Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді.

    Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

    Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденген күдікті Түркиядан елге экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.