jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

    Биік ғимараттар құрылысы
    Құрылыс. Көрнекі фото: sinology/Getty Images

    ІІМ Астанада тұрғын үй кешенінің құрылысына тыйым салынғанына қарамастан, пәтерлерді заңсыз сатып жатқан құрылысшыларға ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, Астана полициясы Kaztelematicа ЖШС, Kaztelematica group ЖШС және Building company ЖШС басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар осы тұрғын үй кешенін салуға арналған үлескерлердің ақшасын алдап алған.

    Қазірдің өзінде полицияға 110 жәбірленуші шағым түсірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп екені анықталды.

    Полиция Ayana Plaza тұрғын үй кешеніне ақша салмауға қатаң кеңес береді. Ал аталған компаниялардың басшыларының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша қалалық полиция департаментіне жүгіне алады.

    Астанада тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.