jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Блогерлермен жанжалдан кейін күзетші көз жұмған: Атырау полициясы қылмыстық іс қозғады

    Қылмыстық іс бойынша құжаттар
    Қылмыстық іс бойынша құжаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Атырауда Мемлекеттік сараптама орталығының күзетшісінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Атырау облысының полиция департаменті мынаны хабарлайды: бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

    Алайда ведомство іс қандай бап бойынша қозғалғанын нақтыламады.

    Еске салсақ, тамыздың аяғында әлеуметтік желіде атыраулық блогерлер Мемлекеттік сараптама орталығының күзетшісін балағаттағаны таспаланған видео пайда болды. Жанжалдан кейін күзетші қайтыс болған деген ақпарат тарады. Осы жанжалдан кейін 58 жастағы күзетшінің қан қысымы көтеріліп, ауруханада қайтыс болғаны айтылады.

    Сол кезде Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне қайғылы жағдайға байланысты түсінік беріп, істің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлаған еді.

    "Атырау қалалық полиция басқармасы тарапынан желіде тараған факт бойынша тексеру амалдары басталды. Қазір мән-жайлар анықталып жатыр. Дегенмен осы фактіге қатысты бұған дейін ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлаймыз",- деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

    Блогерлермен жанжалдан кейін күзетші көз жұмған: Атырау полициясы қылмыстық іс қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.