jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмолалық ер адам 73 жастағы анасын ұрды деген күдікке ілінді

    Қарт әйел
    Қарт әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақмола облысының тұрғыны егде жастағы анасын ұрды деген күдікке ілінді. 73 жастағы әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ақпараттық медиа порталының мәліметінше, Ақмола облысында жыл басынан бері жергілікті полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2554 қорғау нұсқауы берген.

    Полицейлердің айтуынша, көбінесе егде жастағы адамдар туыстары мен достарынан зардап шегеді.

    Зардап шеккендердің арасында 17 қыркүйекте түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген Аршалы ауданының 73 жастағы тұрғыны да бар.

    "Тергеу барысында полиция қызметкерлері 17 қыркүйекке қараған түні қарт ана 1991 жылы туған ұлымен жанжалдасып, жәбірленушінің жарақатына туған ұлы себепші болғанын анықтады, - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

    Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    Ақмолалық ер адам 73 жастағы анасын ұрды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.