jitsu gif
Оқыс оқиға

    Олжас Ағабековке шыққан үкім өзгеріссіз қалды

    Балға ұстап тұрған судья
    Судья балғасы. Көрнекі фото: Daniel Tadevosyan / Getty Images

    Астанада "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Олжас Ағабековке қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

    Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2 тамыз 2024 жылғы үкімімен Ағабеков ірі мөлшерде пара алу (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3- тармағы), аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану (Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) бойынша кінәлі деп танылған.

    Қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығымен Ағабеков мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

    "Ағабеков Экология және табығи ресурстар министрлігінің "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕ АҚ басқармасының төрағасы лауазымын атқара отырып, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген адам бола тұра, 2023 жылғы 6 сәуір мен 11 желтоқсан аралығында өзіне, сондай-ақ басқарма орынбасарына, Ішкі аудит қызметінің басшысына және Корпоративтік хатшыға 2022 жылдың нәтижелері бойынша ірі мөлшерде 8 220 166 теңге сыйақы төлеген

    2023 жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында О.Агабеков Дубай қаласында (БАӘ) өткен климаттық жағдай бойынша тараптардың 28 конференциясында Орталық Азия елдерінің павильонын ұйымдастырып, демеушілік көмектен түскен 329 млн теңге соманың 121 млн теңгесін алаяқтық жолмен иеленіп алған.

    2024 жылдың 1 ақпанында Ағабеков құны 1 млрд теңгеден асатын 708 мың тонна көлеміндегі ЖШС-нің бірінің офсеттік бірліктерін басқа ЖШС-ға сатуға ықпал еткені үшін Астана қаласында С.-дан 35 млн теңге сомада ақша түріндегі пара алған", - делінген сот хабарламасында.

    Сотталғанның кінәсі жәбірленушілердің өкілдері мен куәлердің айғақтарымен, тексеру актілерімен, жүргізілген тінту нәтижелерімен, телефондардан мәліметтерді алу хаттамаларымен, бейнежазбалармен, мамандардың қорытындыларымен, сараптама актісімен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденген.

    Үкіммен келіспеген Ағабеков пен қорғаушысы апелляциялық шағым беріп, ақтауды сұраған.

    "Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды", - дейді сот өкілдері.

    Сот актісі заңды күшіне енді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.