jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соқты деген күдіктілер ұсталды

    Сарбаздар мен әскери көлік құралдары
    Әскери көлік құралдары. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың ұсталғанын хабарлады. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы арнасында жарияланды.

    Полиция ақпаратынша, қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталған.

    "Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарда.

    Тергеу аясында барлық күдіктіден жауап алынды.

    Министрлік олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

    Еске сала кетейік, желіде әскери формада киінген жас жігітті ұрып-соғып, балағаттап жатқанын көрсететін видео тараған болатын. Оқиғаға қатысты Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі түсініктеме берді.

    "2024 жылғы 23 қыркүйекте "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Әскери полициясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабының 1-бөлігі "Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. баспасөз қызметі хабарлады.

    Бұған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, ішкі істер министріне Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандарды шұғыл түрде табуды тапсырған болатын.

    Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соқты деген күдіктілер ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.