jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "10 млн теңге төлеген": Алматы облысында кісі өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталды (видео)

    кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде Үндістан азаматы Алматы облысында зейнеткерді өлтіру үшін әйелге 10 млн теңге төледі деген ақпарат пайда болды. Ақпаратқа Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында кісі өлтіруге тапсырыс берген Үндістан азаматы ЖШС директоры екені жазылған.

    "Тапсырысты орындаушы зейнеткерді улайды деп жоспарланған. Полицейлер ұнтақ тәріздес зат салынған екі пакетті тәркіледі. Күдікті ұсталды", - делінген жазбада.

    Бұған қатысты Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы арнасында пікір білдірді.

    "Облыстық ПД ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысты.

    Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды. Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарда.

    "10 млн теңге төлеген": Алматы облысында кісі өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.