jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркияда банк директорының бұрынғы орынбасары болған ақтаулық әйел ұсталды

    Қолына кісен салынған әйел
    Қолына кісен салынған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркияда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан Ішкі істер министрлгі Интерпол ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады.

    "2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған", - делінген ІІМ хабарламасында.

    Полицейлер ұсталған әйел Қазақстанға жеткізіліп, қамауға алынғанын мәлімдеді.

    Түркияда банк директорының бұрынғы орынбасары болған ақтаулық әйел ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.