jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Полицейлер көшеде түкіріп, қоқыс тастаған Алматы тұрғындарын көрсетті (видео)

    Қала тұрғыны тазалықты бұзды
    Қала тұрғыны. Видеодан кадр: youtube.com/@AlmatyPolisiasy

    Алматы полициясының қызметкерлері қалада түкірген және қоқыс тастаған мегаполис тұрғындарының бейнежазбалар жиынтығын жасады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында операторлар адам көп жиналатын орындарда, сондай-ақ тұрғын үйлердің аулаларында және халық аз қоныстанған орындарда орнатылған камераларды тәулік бойы қадағалап отыратынын хабарланды.

    "Көптеген жосықсыз азаматтар дәл осыны күтеді: олардың тротуарға темекі тұқылын лақтырғанын ешкім байқамайтын сияқты, алайда іс жүзінде заң бұзушылықтар үшін бейнетіркеу жүйесі оларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді", - дейді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

    Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық, атап айтқанда, қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау және басқаларды сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіп пен адамдардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас әрекеттер:

    • 20 АЕК (55, 3 мың теңге) көлемінде айыппұл;
    • немесе бес тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.

    Полицейлер көшеде түкіріп, қоқыс тастаған Алматы тұрғындарын көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.