jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жамбыл облысында әскери қызметкер оқ атқаны үшін өзін қамауға алуды сұрады

    Әскери қызметкер
    Әскери қызметкер. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысында қызметтік қарудан оқ атқан әскери қызметкер өзін қамауға алуды сұрады. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сот ақпаратынша, Қордай аудандық сотында табельдік қаруынан оқ атқан әскери қызметшіге қатысты ҚР Әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 652-б. 6-б.)

    "2024 жылдың мамырында кіші сержант жарғылық ережелер мен бөлім командирінің бұйрығын бұзып, БӨП-да тәуліктік кезекшілікте (нарядта) болған кезде қаруды қаруқаптан шығарып, оқтап атып жіберген", - делінген хабарламада.

    Сотта құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, қаржылық қиындықтарға байланысты айыппұл төлей алмайтындығын көрсетіп, қамақ түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

    "Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындау мен жасаған ісіне өкінуін таныды. Сотпен жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықталған жоқ", - делінген сотта.

    ӘҚБтК 652-бабы 6-бөлігінің санкциясымен 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.

    Сот қаулысымен әскери қызметші кінәлі деп танылып, ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Жазасын өтеу үшін ол Алматы облыстық гарнизоны әскери полиция бөлімінің гауптвахтасына жіберілді. Қаулы заңды күшіне енді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.