jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Тегін донер таратамын" деп жарнама жасап, халық нөпірін игере алмаған астаналық кәсіпкер жазаланды

    дәмхананың ашылуы
    Дәмхананың ашылуына жиналған жұрт. Видеодан кадр: instagram.com/dauletten/

    Астанада дәмхананың ашылуында тегін донер таратамын деп жарнама жасап, халық нөпірін игере алмай қалған кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Адамдардың донерге кезекке тұрған сәтінде түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

    "Тегін десе болды бізге. Астанада тегін донер таратылады деген жарнамаға 4 мың адам келген. Адамның көптігінен төрт көшеде кептеліс болған. Оқиғаны реттеуге тәртіп сақшылары да тартылған", - деп жазады автор.

    Болған жағдай туралы полиция департаменті пікір білдірді.

    "25 қыркүйекте дәмхананың ашылуына байланысты донерге жеңілдікпен талон алу кезінде көп адам жиналды. Есіл ауданының полициясы мен әкімдік қызметкерлері жағдайды реттеуде бірқатар шаралар қабылдады. Полиция қызметкерлері кәсіпкердің жеке басын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция департаменті өкілі.

    "Тегін донер таратамын" деп жарнама жасап, халық нөпірін игере алмаған астаналық кәсіпкер жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.