jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында көліктен қару табылып, төрт адам ұсталды (видео)

    Ұсталғандар
    Ұсталғандар. Видеодан кадр: polisia.kz

    Алматы облысында полицейлер Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулады деген күдікпен төрт адамды ұстады. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, заңсыз аңшылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 26 қыркүйекте сағат 08.30-да Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облыстық полиция департаменті және "Охотзоопром" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

    Оның барысында Бірлік ауылы тұсындағы Қонаев – Бақанас – Қараой тасжолында Жетісу ауданының 58 жастағы тұрғыны басқарған УАЗ көлігі ұсталды.

    Тінту кезінде автокөліктің салонынан тіркелген аңшы мылтығы мен тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ белгісіз жануардың, болжам бойынша Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың бір ұшасы табылып, тәркіленді. Сонымен қатар көлікте үш жолаушы болған.

    Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.

    Алматы облысында көліктен қару табылып, төрт адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.