jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Баланы басынан ұрған: Талдықорғандағы балабақшадағы видеоға қатысты прокуратура түсініктеме берді

    Балабақша
    Балабақша. Көрнекі фото: pixabay.com

    Талдықорғанда тәрбиеші балабақшада баланы ұрып жіберді. Жетісу облыстық прокуратурасы желідегі видеоға назар аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кадр Instagram-дағы taldykorganec.insta парақшасында пайда болды. Онда полицияның балабақшадағы камераға түсірілген видеоны көріп жатқаны бейнеленген. Қаралып жатқан видеоның кадрларында балабақша қызметкері балалардың бірін ұрып жіберген.

    Бұл оқиғаға қатысты облыстық прокуратура түсініктеме берді.

    "Жетісу облысының прокуратурасы аталған фактіге Талдықорған қалалық полиция басқармасының назар аударғанын хабарлады, бұл факті облыстық прокуратураның бақылауында", - деп хабарлады қадағалау департаменті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.