jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде жол ережесін 119 рет бұзған көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтөбеде жол ережесін 119 рет бұзған жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, полиция қызметкерлері арнайы бағдарламалық кешеннің көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus автокөлігін анықтаған.

    "Қорғау" жүйесі арқылы анықталған азаматтың жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзғаны белгілі болды. Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңгені құрады. 

    Қазіргі уақытта көлік арнайы автотұраққа қойылды. 

    Полиция облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін камералар орнатылғанын еске алды. Жыл басынан бері камералардың көмегімен жылдамдық режимін асырудың 77 мыңнан астам фактісі тіркелген.

    Ақтөбеде жол ережесін 119 рет бұзған көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.