jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте есірткі сатумен айналысқан азамат қылмыс үстінде ұсталды (видео)

    Полиция есірткі сатумен айналысқан шымкенттік азаматты ұстады
    Полиция есірткі сатумен айналысқан шымкенттік азаматты ұстады. Фото: Polisia.kz

    Полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан шымкенттік азаматты қылмыс үстінде ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    30 жастағы ер адам марихуананы сатып алушылармен жеке кездесіп, қолдан қолға сатқан.

    "Есірткі таратушы жұмысын күдікті ғаламтордан тапқаны анықталды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, кіші дозаларға бөліп, өткізген. Полицейлер оны кезекті дозаларды таратуға шыққан кезінде ұстады", - делінген хабарламада.

    Ер адамның сөмкесінен 11 есірткі орамасы, ал пәтерінен марихуана салынған пластик ыдыс табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.

    Қазіргі таңда күдікті қамауда. Ол есірткі өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Еске салайық, Шымкентте есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталған еді. Оның үйінен есірткі сататын сайттарды ғимарат қабырғаларына бейнелеуге арналған 6 дана трафарет табылып, тәркіленген болатын.

    Шымкентте есірткі сатумен айналысқан азамат қылмыс үстінде ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.