jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда қаласындағы бильярд клубында кісі пышақтау ісіне қатысты сот үкімі шықты

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Фото: freepik.com

    Қызылорда қаласында бильярд клубында болған іске қатысты айыпталушы сотқа тартылып, 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыстық соттың Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, Қызылорданың №2 сотында ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру).

    Іс материалдары ақпаратына сәйкес, сотталушы бильярд клубында екі досымен кездесіп, үшеуі ішімдік ішкен. Кешті айыпталушының үйінде жалғастырмақ болып, үйге келген. Ас үйде отырғанда үй иесі мен қонақтардың бірі арасында жанжалға айналған түсініспеушілік болады.

    "Осы кезде сотталушы қасақана денсаулығына зиян келтіру үшін жәбірленушіге ас үй пышағымен жамбас аймағына соққы берді", - деді сотта.

    Негізгі сот талқылауында жәбірленуші қылмыскерді кешіргенін, оларға моральдық зиян келтірілгенін, оны бас бостандығынан айырмай, жаза қолдануды сұрады.

    Қызылорда қаласындағы бильярд клубында кісі пышақтау ісіне қатысты сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.